Preview

Spiraeanthus

Кеңейтілген іздеу

ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АЛҚАБЫНЫҢ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ) САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫ МЕН ҚЫНАЛАРЫНЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

https://doi.org/10.71130/3079-6245-2026-6-1-22-29

Толық мәтін:

Аңдатпа

Жайық өзені алқабының және жалпы алғанда Батыс Қазақстан облысының микобиотасы өте аз зерттелген. Бұл зерттеудің мақсаты Батыс Қазақстан облысының Жайық өзені алқабында саңырауқұлақтар мен қыналардың таралу заңдылықтарын және таксономиялық әртүрлілігін зерттеу. Гербарий үлгілері 2025 жылы Жайық өзені алқабында маршруттық зерттеулер жүргізу барысында жиналды. Зертханалық өңдеу және үлгілерді анықтау жұмыстары жалпы қабылданған микологиялық және лихенологиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Батыс Қазақстан облысының Жайық өзені алқабында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 47 туыс, 32 тұқымдас, 19 қатар және 8 класқа жататын саңырауқұлақтардың, саңырауқұлақ тәрізді ағзалардың және қыналардың 71 түрі анықталды. Ең ірі тұқымдастар - Erysiphaceae Tul. & C. Tul. (13 түр, түрлердің жалпы санынан 37%), Physciaceae Zahlbr. (9 түр) және Pucciniaceae Chevall. (6 түр). Саңырауқұлақтар мен қыналардың анықталған туыстарының (37) көпшілігі жиналған материалдар бойынша монотипті болып табылады, түрлердің жалпы санының 51% құрайды. Саңырауқұлақтардың бес туысының әрқайсысы екі түрден, ал екі туысы үш түрден қамтылған. Physcia (Schreb.) Michx туысы 4 түрден және Puccinia Pers туысы алты түрден келтірілген. Ең ірі туысы 8 түрді қамтитын Erysiphe R. Hedw. ex DC. туысы. Glechoma hederacea L. өсімдігінде Puccinia glechomae DC түрі осы аймақ үшін алғаш рет анықталды. Орта дала аралық геоботаникалық аймақта саңырауқұлақтардың, саңырауқұлақ тәрізді ағзалардың, қыналардың 30 түрі анықталды; Каспий маңы даласында саңырауқұлақтар мен қыналардың 45 түрі; ал Каспий маңы шөл аймағында саңырауқұлақтардың 15 түрі анықталды.

Авторлар туралы

Е. В. Рахимова
РМК ШЖҚ «Ботаника және фитоинтродукция Институты»
Қазақстан

Алматы қ.



А. Д. Мырзахан
РМК ШЖҚ «Ботаника және фитоинтродукция Институты»
Қазақстан

Алматы қ.



Л. А. Кызметова
РМК ШЖҚ «Ботаника және фитоинтродукция Институты»
Қазақстан

Алматы қ.



Г. Сыпабеккызы
РМК ШЖҚ «Ботаника және фитоинтродукция Институты»
Қазақстан

Алматы қ.



А. М. Асылбек
РМК ШЖҚ «Ботаника және фитоинтродукция Институты»
Қазақстан

Алматы қ.



Әдебиет тізімі

1. Гудочкин М.В. Чабан П.С. Леса Казахстана. Алма-Ата: Кайнар, 1958. 323 с.

2. Чупахин В.М. Природное районирование Казахстана (для целей сельского хозяйства). Алма-Ата: Наука КазССР, 1970. 260 с.

3. Дарбаева Т.Е., Мамышева М.В., Кажиахметов С.А. Антропогенная трансформация пойменных лесов бассейна среднего течения реки Урал в пределах Западно-Казахстанской области. Вопросы степеведения. Оренбург, 2010. Вып. 8. С. 58-63.

4. Мамышева М.В., Дарбаева Т.Е. Экологическая оценка состояния дубрав среднего течения реки Урал. Вестник КазНУ. Сер. биол. 2014. № 1. С. 85-89.

5. Агелеуов Е.А. Флора поймы реки Урал. Алма-Ата: Наука, 1987. 104 с.

6. Казенас Л.Д. Болезни сельскохозяйственных растений Казахстана. Алма-Ата, 1965. 348 с.

7. Флора споровых растений Казахстана. Алма-Ата: изд-во АН КазССР, 1956–1985. Т. 1–13.

8. Sarsenova A.N., Abiev S.A., Darbayeva T.E., Kozhagaliyeva R.Zh., Kurmekesh A.D., Cafer Eken (2025) Distribution of Laetiporus sulphureus (Bull.) Murril in forest communities of the Ural river valley within the west Kazakhstan region // Experimental Biology. №1 (102): 4-18. DOI: 10.26577/bb202510211

9. Marin Ya., Hernández-Restrepo M., Iturrieta González I., García D., Gené Jo., et al. Genera of phytopathogenic fungi: GOPHY 3. Studies in Mycology. 2019.10.1016/j.simyco.2019.05.001.

10. Seifert К., Morgan-Jones G., Gams W., Kendrick В. The Genera of Hyphomycetes. Utrecht: CBS-KNAW Fungal Biodiversity Centre [Biodiversity Series no. 2], 2011. 997 р.

11. Braun U., Cook R.T.A. Taxonomic manual of the Erysiphales (powdery mildews). – RBC-KNAW Fungal biodiversity centre. Utrecht, the Netherland, 2012. 707 c.

12. Рахимова Е.В., Нам Г.А, Ермекова Б.Д., Абиев С.А., Джетигенова У.К., Есенгулова Б.Ж. Краткий иллюстрированный определитель ржавчинных грибов Казахстана. Алматы, 2015. 308 c.

13. Цуриков А.Г., Корчиков Е.С. Определитель лишайников Самарской области. Ч. 1. Листоватые, кустистые и слизистые виды: учеб. пособие. Самара: Изд-во Самарского университета, 2018. 205 c.

14. MycoBank Database (Fungal Databases, Nomenclature & Species Banks), 2026 // URL: https://www.MycoBank.org/ (Date accessed: 22.02.2026).

15. Hyde K.D., Noorabadi M.T., Thiyagaraja V., He M.Q., Johnston P.R., Wijesinghe S.N., et al.– The 2024 Outline of Fungi and fungus-like taxa. Mycosphere, 2024. 15(1). P. 5146-6239, Doi 10.5943/mycosphere/15/1/25.

16. Рахимова Е.В., Нам Г.А., Ермекова Б.Д., Асылбек А.М., Жахан Н., Такиева Ж.М. Виды грибов и грибоподобных организмов Алтая, новые для территории Казахстана. Мат-лы 15-ой междунар. научно-практ. конф-ции «Проблемы ботаники Южной Сибири и Монголии». Барнаул, 2016. С. 368-372.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Рахимова Е.В., Мырзахан А.Д., Кызметова Л.А., Сыпабеккызы Г., Асылбек А.М. ЖАЙЫҚ ӨЗЕНІ АЛҚАБЫНЫҢ (БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ) САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРЫ МЕН ҚЫНАЛАРЫНЫҢ ТАКСОНОМИЯЛЫҚ ӘРТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТАРАЛУ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ. Spiraeanthus. 2026;(1):22-29. https://doi.org/10.71130/3079-6245-2026-6-1-22-29

For citation:


Rakhimova Y.V., Myrzakhan A.D., Kyzmetova L.A., Sypabekkyzy G., Assylbek A.M. TAXONOMIC DIVERSITY AND DISTRIBUTION PATTERNS OF FUNGI AND LICHENS IN THE URAL RIVER VALLEY (WEST KAZAKHSTAN REGION). Spiraeanthus. 2026;(1):22-29. (In Russ.) https://doi.org/10.71130/3079-6245-2026-6-1-22-29

Қараулар: 107

JATS XML


ISSN 3079-6245 (Online)