Preview

Spiraeanthus

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2026)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)
11-15 51
Аңдатпа

Тары (Panicum miliaceum L.) - құрғақ және тұзданған топырақ жағдайында тұрақты өнім бере алатын маңызды астық дақылы. Қазіргі климаттық өзгерістер жағдайында абиотикалық стресс факторларына төзімді дақылдарды зерттеу ерекше өзектілікке ие. Бұл ғылыми шолу мақалада тарының тұздылыққа төзімділік механизмдері, физиологиялық және биохимиялық бейімделу ерекшеліктері, сондай-ақ тағамдық және биологиялық құндылығы қарастырылды. Тары дәнінің құрамында маңызды аминқышқылдары, минералдар, дәрумендер және антиоксиданттық қосылыстардың жоғары мөлшері анықталған. Сонымен қатар тары глютенсіз өнім ретінде целиакия және глютенге сезімталдық жағдайында баламалы тағам көзі болып табылады. Зерттеулер нәтижесі тарының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен климатқа бейім ауыл шаруашылығын дамытудағы стратегиялық маңызын көрсетеді.

22-29 49
Аңдатпа

Жайық өзені алқабының және жалпы алғанда Батыс Қазақстан облысының микобиотасы өте аз зерттелген. Бұл зерттеудің мақсаты Батыс Қазақстан облысының Жайық өзені алқабында саңырауқұлақтар мен қыналардың таралу заңдылықтарын және таксономиялық әртүрлілігін зерттеу. Гербарий үлгілері 2025 жылы Жайық өзені алқабында маршруттық зерттеулер жүргізу барысында жиналды. Зертханалық өңдеу және үлгілерді анықтау жұмыстары жалпы қабылданған микологиялық және лихенологиялық әдістерді қолдану арқылы жүргізілді. Батыс Қазақстан облысының Жайық өзені алқабында жүргізілген зерттеулер нәтижесінде 47 туыс, 32 тұқымдас, 19 қатар және 8 класқа жататын саңырауқұлақтардың, саңырауқұлақ тәрізді ағзалардың және қыналардың 71 түрі анықталды. Ең ірі тұқымдастар - Erysiphaceae Tul. & C. Tul. (13 түр, түрлердің жалпы санынан 37%), Physciaceae Zahlbr. (9 түр) және Pucciniaceae Chevall. (6 түр). Саңырауқұлақтар мен қыналардың анықталған туыстарының (37) көпшілігі жиналған материалдар бойынша монотипті болып табылады, түрлердің жалпы санының 51% құрайды. Саңырауқұлақтардың бес туысының әрқайсысы екі түрден, ал екі туысы үш түрден қамтылған. Physcia (Schreb.) Michx туысы 4 түрден және Puccinia Pers туысы алты түрден келтірілген. Ең ірі туысы 8 түрді қамтитын Erysiphe R. Hedw. ex DC. туысы. Glechoma hederacea L. өсімдігінде Puccinia glechomae DC түрі осы аймақ үшін алғаш рет анықталды. Орта дала аралық геоботаникалық аймақта саңырауқұлақтардың, саңырауқұлақ тәрізді ағзалардың, қыналардың 30 түрі анықталды; Каспий маңы даласында саңырауқұлақтар мен қыналардың 45 түрі; ал Каспий маңы шөл аймағында саңырауқұлақтардың 15 түрі анықталды.



ISSN 3079-6245 (Online)